Қалалық қоғамдық-саяси газет

Көңіл күйін күмбірлеткен қордайлықтар

0 292

Бүгін «Баласағұн» орталық концерт залында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Туған жерім – дархан далам» атты Қордай ауданының Тараз қаласындағы күндері өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Көне шаһар тұрғындары мен қонақтары айтулы күні қордайлықтардың тыныс-тіршілігімен, мәдениетімен етене жақын танысты. Мәселен, «Баласағұн» концерт залында аудандық музейдің тарихи экспонаттарын, есімі елге әйгілі аудан суретшілерінің көрмесі орналастырылды. Сонымен қатар өңірден шыққан танымал тұлғалардың фотосуреттерінен жасақталған көрме де көздің жауын алды. Өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдерінің концерттік бағдарламасы да жанға жылу сыйлады.

Шара аясында ауылшаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда қордайлық кәсіпкерлер сапалы өнімдерін қолжетімді бағамен ұсынды. Бұл күні спорт сүйер қауым да назардан тыс қалмай, тоғыз құмалақ, асық ату, аударыспақ, теңге ілу сынды ұлттық ойын түрлерінен арнайы спорттық шаралар өтті.
Мәдени шара бұдан кейін аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Кеш барысында танымал эстрада жұлдыздары Мұрат Құсайынов пен Саят Медеуов әсем әндерін әуелетсе, бірнеше ән байқауларының жүлдегері Нұркен Әшіров «Көроғлы» күйін күмбірлетті. Өзге де дарын иелері өз өнерлерін паш етіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Мәдени шараны облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, орынбасарлары Дәулет Кәрібек, Рүстем Дәулет, шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев бастаған азаматтар тамашалап, жоғары баға берді.

Кеш соңында өнерпаздарға облыс әкімінің ықылас гүлі табысталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.