Қалалық қоғамдық-саяси газет

ҰҚК «Дикий Арманмен» бірге болған депутатты жауап алуға шақырды

0 371

Алматы қаласының мәслихат депутаты әрі қоғам белсендісі Қайрат Құдайберген Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялады, деп жазды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі turkystan.kzсайтына сілтеме жасап.

Жазба авторы өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Бас прокуратураның жауап алуға шақырғанын жазды.

«Мен қазір Дубайда жоспарлы демалыстамын. Біз 4 қаңтарда ұшамыз деп жоспарлаған едік. Иә, уақытында баратын мүмкіндік болды. Бірақ мен өз халқым мен Отанымды тастап кете алмадым. Сөйтіп, демалысым 6 ақпанда басталды. Бірақ 5 ақпан күні түс кезінде маған ҰҚК-ден, ал 7-сі күні Бас прокуратурадан жауап алуға шақыру түсті. Барлығы өте дұрыс және сыпайы түрде. Әдейі кетіп қалғандай, өзімді жайсыз сезініп қалдым. Келген соң (Алматыда тұрсам да) міндетті түрде астанаға барып сөйлесемін. Не туралы сөйлескенімді кейін хабарлаймын» деп жазды депутат.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.