Түркістанда қызын ҰҚК-ға жұмысқа «орналастырмақ» болған әйел алданып қалды, – деп жазады Polisia.kz.
Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Шағымданған әйел қызын «Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа орналастырып беремін» деген танысы 4 миллион теңге алып, алдап кеткенін айтты. Екі жыл бойы уәде етілген жұмыс та болмаған, не ақша да иесіне қайтпаған.
Полицейлер фактіні ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Жедел іздестіру нәтижесінде, күдікті ұсталды. Орта жастағы күдікті ер адамның жәбірленуші әйелден алдап, ақшаны өзіне алғаны белгілі болды.
Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.