Қалалық қоғамдық-саяси газет

ҰҚК 14 өңірде террористік қауіптің қызыл деңгейі алып тасталғанын хабарлады

0 465

  Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және 12 облыста лаңкестік қауіп деңгейі төмендегенін және террористік қауіптің қызыл деңгейі алып тасталғанын хабарлады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазірде Қазақстан Республикасының 14 өңірінде жағдай тұрақталған.

«Осы себепті терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штаб (РЖШ) Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары аумағында терроризмге қарсы операция аяқталғанын және террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейі жойылғаны туралы хабарлайды.

Бұл ретте, Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және өзге де қылмыстық әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша шаралар іске асырылып жатыр. Тиісінше осы өңірлерде терроризмге қарсы операция жалғастырылып, террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейі сақталады», – делінген хабарламада.

Еске салайық, кеше, 12 қаңтарда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жағдайды алып тастау туралы жарлықтарға қол қойған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.