Қалалық қоғамдық-саяси газет

Jusan Bank-тен Kcell акцияларын сатып алу: Сәтқалиев себебін түсіндірді

0 171

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшысы Алмасадам Сәтқалиев Jusan Bank-тен Kcell-дің акциялар пакетін сатып алуды жоспарлау себебін түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, «Самұрық-Қазына» Экономиканы монополиясыздандыру комиссиясы шешіміне сәйкес Kcell акцияларын сатып алуды жоспарлап отыр.

«Қор Jusan Bank компаниялар тобынан Kcell компаниясының акцияларын кері сатып алуды жүзеге асырады. Екі кәсіпорын – Jusan Bank және Pioneer компаниясы (Pioneer Technologies S.A.R.L. – еск.).

Мәміле мәні – Kcell бақылау пакетін «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында шоғырландыру: ол кейін нысанды бәсекелі ортаға ашық, транспарент жағдайда беруді қамтамасыз ету немесе жетекші операторлардың бірінің басқаруына беру немесе стратегиялық инвестор іздеу үшін жасалады», – деді Алмасадам Сәтқалиев ОКҚ брифингінде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.