Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Үйсіз иттердің еті мен майы»: Жануарларды қорғаушылар ғаламтордағы хабарлама иесін іздеуде

0 290

Ғаламтордағы сайттардың бірінде жарияланған хабарлама қазақстандықтардың жағасын ұстатты. «Үйсіз жануарлардың еті мен майы» деп жазған хабарлама иесі тірі тауар үшін 5 000 теңге сұраған. Көтерме саудагерге жеңілдік қарастырылған екен. Жануарларды қорғаушылар сатушымен хабарласып көруге тырысыпты, алайда бұдан ештеңе шықпаған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ақпарат жануарларды қорғаушылар чатында тарады. Сол кезде-ақ нөмірі сөндірулі болды. Бұл шын хабарлама деп ойлаймыз. Фейк деудің қажеті жоқ. Бірден санитарлық-эпидемиологиялық станцияға хат жаздық, сонымен қатар прокуратураға өтініш тастап, ақпаратты тексеруді сұрадық», – деді «Аяныш» жануарларды қорғау қорының ортақ құрылтайшысы Анастасия Нисмеляйнина.

Еріктілердің сөзінше, хабарлама сайтта кеше пайда болған. Бірақ жарты сағаттан соң өшіріп тастаған. Қазір белсенділер сатушының аты-жөнін өздері анықтауға кіріскен. Сонымен қатар жануарларды қайдан алғанын да анықтамақшы. Жануарларды қорғау қорында иттерді түрлі паналардан жинауы мүмкін екенін жоққа шығармады. Ал кейін тағам ретінде тұтынуды ұсынған. Белсенділер мұндай өнімнен бас тартуды сұрайды. Себебі жануардың бұрын қандай аурумен ауырғанын ешкім білмейді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.