Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әйел бір жасар қызын 11-қабаттан лақтырып жіберген

0 1  608

Мәскеуде Сумский өткелінде тұрғын үйдің маңынан кішкентай қыз табылды. Прокуратураның мәліметінше, анасы бір жасар қызын 11-қабаттағы пәтердің терезесінен лақтырып жіберген деп хабарлады turkystan.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға кезінде пәтерде 26 ​​жастағы әйел мен баласы болған. 2021 жылы туған қыз ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

«Прокуратура кәмелетке толмағандар туралы федералдық заңнама талаптарының сақталуын тексереді. Тексеру қорытындысы бойынша прокурорлық ден қою шаралары қабылданады», – делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, азаматша қызын терезеден лақтырып жіберіп, өзіне қол жұмсамақ болған.

Әйел дәрі ішіп, пәтердегі газды қосып қойған. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері есікті бұзып, зардап шегушіні дәрігерлерге тапсырды.

Бала Мәскеуде аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. «Кәмелетке толмаған баланы өлтіруге оқталу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысын Мәскеу прокуратурасы бақылайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.