Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Jambyl 109»-дың жұмысы жүйелі

0 521

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі.

Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тапты. Иә, билік бұқараға барынша жақын болуы керек. Шенеуніктер алдына келген адамға шекесінен қарамай, қайта мәселесін шешіп беруге ұмтылуға тиіс. Міне, Президенттің сол жолғы Жолдауында айтылған пікірді осы екі ауыз сөзге сыйдыруға болады. Бізді қуантатыны, айтылған сөз іс жүзінде де жүзеге асып жатыр. Оған мысалды көптеп келтіруге болады.
Соның бірі – ҚР Президентінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында Астана қаласында «IKOMEK» Бірыңғай диспетчерлік қызметінің құрылуы болатын. Халықтан түсетін өтініштерді қабылдап, шешімін табуға бағытталған қызметтің тәжірибесі бойынша 2019 жылдың 3 қыркүйегінен бастап Тараз қаласы бойынша «Jambyl 109» бірыңғай диспетчерлік қызметі құрылған еді. 2020 жылдың 21 сәуірдегі Жамбыл облысы әкімінің №80 бұйрығына сәйкес, «Jambyl 109» қызметінің аймағын Жамбыл облысы бойынша кеңейту жол картасы әзірленіп, қызметтің регламентіне жаңа қызмет түрлерін енгізу жоспарланды.
«Jambyl 109» қызметінің мәні мен мақсаты – «109» қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы Жамбыл облысы тұрғындары мен қонақтарының тұрмыстық сипаттағы жергілікті коммуналдық қызметтер мәселелері бойынша түрлі байланыс құралдары арқылы өтініштерін қабылдау, өңдеу, облыстық мемлекеттік мекемелермен бірлесе отырып өтініштердің орындалуын жүзеге асыру.
Қазіргі таңда «AIKEY» жүйесіне қосымша мәртебелер енгізіліп, жауапты мекемелердің өтініш бойынша жасалған жұмыстарын көрсете білулеріне ыңғайландырылды. Жамбыл облысы бойынша «AIKEY» жүйесінің басқару панеліне жауапты мекемелер туралы ақпараттар енгізіліп, жауапты мамандар тағайындалды. Панель қызметіне қосымша мәртебелер енгізіліп, пысықталды. Өз кезегінде атқарылған тиімді жұмыстардың оң нәтижесінде «Jambyl 109» қызметі облыстың кез келген нүктесінен өтініштерді қабылдауға қол жеткізді.
Бірыңғай диспетчерлік қызметі сумен жабдықтау, қоғамдық даму, жол инфрақұрылымы, қаланы электр қуатымен жабдықтау, құдықтар мен люктер, өндірістік жұмыстардан кейін қалпына келтіру жұмыстары, аула аумағын абаттандыру, қоғамдық көлік, көшені жарықтандыру және білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй жөндеу жұмыстары, аудан тұрғындарының тұрмыс тіршілігін қамтамасыз ету бойынша барлық сала түрлері жіктеліп жүйеге енгізілген.
Жамбыл облысы бойынша «Jambyl 109» бірыңғай коммуналдық диспетчерлік қызметі құрылған сәттен бастап 269 585 өтініш қабылдаған. Оның ішінде:
• 2019 жылы 8 623 өтініш түскен, күніне 50-80 қоңырау қабылдаған;
• 2020 жылы 80 758 өтініш түскен, Жамбыл облыстық COVID-19 жедел штабы кезеңінде күніне 500-700 қоңырау қабылдаған;
• COVID-19 пандемиясына байланысты жарияланған карантин кезінде «Jambyl 109» қызметі 24/7 режимінде демалыссыз халыққа қызмет етті. Кез келген сұраққа жауап ұсынылды.
• 2021 жылы 51 531 өтініш түскен, күніне 200-250 қоңырау қабылдаған;
• 2022 жылдың 23 қарашасына дейін 45 596 өтініш түсіп, күніне 250-280 қоңырау қабылдауда. Оның ішінде 46 184 өтініш өңделіп, толық жауап ұсынылды, 412 өтініш өңделу барысында. Оның ішінде 17 433 оқиға, 718 арыз, 270 ұсыныс, 70 алғыс, 28 105 кеңес берілді.
• 2023 жылдың 1 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін 75 819 өтініш қабылданып, 75 322-сі дер кезінде өңделіп, жауап ұсынылған. Оның ішінде 57 783 оқиға, 795 арыз, 143 ұсыныс, 116 алғыс және 16 988 кеңес берілген.
Өтініштердің басым көпшілігі Call-орталыққа хабарласу арқылы түскен. Ол арқылы 69 790 қоңырау қабылданған. Сонымен қатар «WhatsApp» мессенджері – 3 156 өтініш, «Instagram» – 2 344 өтініш, «AIKEY» мобильді қосымшасы – 345 өтініш, «Facebook» – 117 өтініш және «Telegram» чат боты арқылы 67 өтініш түскен.
Өңірлер бойынша ақпаратқа сәйкес, Жамбыл ауданы – 1 240, Шу ауданы – 1 173, Байзақ ауданы – 1 027, Т.Рысқұлов ауданы – 320, Жуалы ауданы – 308, Меркі ауданы – 259, Қордай ауданы – 223, Сарысу ауданы – 195, Талас ауданы – 134, Мойынқұм ауданынан 64 өтініш түскен. Тараз қаласы бойынша 70 882 өтініш қабылданған.
Салааралық өтініштер бойынша, лифт қызметі – 1 197, қоғамдық көлік – 1 518, жол инфрақұрылымы – 2 350, көше жарығы – 3 057, сумен қамтамасыз ету – 3 206, ветеринариялық қызмет – 7 155, жарықпен қамтамасыз ету мәселелерімен 10 709 өтініш қабылданған.
Өтініштердің орындалу барысы бойынша сурет/бейнежазба тіркемелер міндеттеліп, тұрғындарға жасалып жатқан жұмыс сапасын көрсету мақсатында «дейін/кейін» айдары жасалды. Әлеуметтік желілер мен интернет платформалары («WhatsApp», «Instagram», «Facebook», «Тelegram» чат-боты, «AIKEY» мобильді қосымшасы) арқылы түскен өтініштер саны артты. Алайда тұрғындарға «109» қысқа нөмірін теру арқылы өз өтініштерін мен сауалдарын ұсыну – алдыңғы орында. Халықпен кері байланыс кез келген тәсілдермен жүргізілуде. Жамбыл облысы тұрғындарының назарына атқарылып жатқан жұмыстар бойынша кері байланыс орнату үшін «дейін/кейін» айдары ұсыныла бастады.
«Jambyl 109» қызметіне тұрғындар тарапынан иесіз иттерге қатысты 7 155 өтініш түскен. Иесіз иттер көбіне азық іздеп, күл-қоқыстың арасында жүреді. Адамдар көп шоғырланған жерге әуес келеді. Ең қорқыныштысы, олар айналасына қауіпті болуы мүмкін. Біздің қаламыздағы көше кезген иесіз иттер мәселесі өзекті тақырыпқа айналғалы көп болды. Бұл мәселе бойынша тұрғындар тарапынан салғырттық та бар. Өз иттерін қарғыбаусыз далаға босатып жіберуде. Бұл да өз ретінде кішкентай балалар мен қарт кісілерге қиындық туындатуда.
«Jambyl 109» қызметіне лифт қызметі бойынша 1 197 өтініш түскен. Лифтіде адамның қалып қалуы – 113 өтініш, лифтінің жұмыс істемей қалуы – 978 өтініш, лифт диагностикасын жүргізу – 4 өтініш. Қала бойынша 29 тұрғын үй лифтімен қамтылған. Оның 20 толықтай, 5 орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Жауапты мекеме өтініштер бойынша уақытылы жұмыстар атқаруда.
Қазіргі таңда «Jambyl 109» қызметінің «AIKEY» жүйесінде Жамбыл облысы бойынша ауқымды мәселелер тізбегі құрылды. Осы аралықта халықтың сұраныстары қанағаттандырылып, өзекті мәселелер тиісті жауапты мекемелерге жеткізілді.
Диспетчерлік қызмет құрылған сәттен бастап (2019-2020 жылдар) 69 мекемемен жұмыс істеген. Атап айтсақ, 16 қалалық мемлекеттік мекеме (ТҚӘ бөлімдері), 23 ведомстволық және мердігерлік ұйымдар, 30 облыстық және республикалық мемлекеттік мекемелер, пәтер иелері кооперативтері, лифт шаруашылығы. Тұрғындар мен қонақтарға 1 мыңнан аса күнделікті тіршілікті қамтамасыз ету қызметі бойынша жұмыстар атқарған.
Бүгінгі таңда «Jambyl 109» қызметі 320 мекемемен етене тығыз жұмыс істейді. Оның ішінде 150 қалалық және аудандық мекеме, 90 ведомстволық және мердігерлік ұйым бар. 36-сы облыстық және республикалық мекемелер. Жүйеге өңірдегі қала мен аудандық бөлімдер, коммуналдық қызмет түрін ұсынатын мекемелер жұмылдырылған. Оның ішінде 44 ПКСК, лифт шаруашылығы бар. Жамбыл облысының қала мен аудандық бөлімдері мен коммуналдық қызмет түрін ұсынатын мекемелер пысықталып, әр мекемеге «Jambyl 109» қызметінің аналитика бөлімі арнайы барып оқыту жұмыстарын жүргізіп, жүйеге қосылды. Атап айтсақ:
– Жамбыл облысының 10 ауданына қайта оқыту жұмыстары жүргізіліп, жүйеге қосымша қызмет түрлері қосылды. Әр мекемеге жеке-жеке оқыту жұмыстары жүргізілді.
– Тараз қаласы бойынша қоғамдық көлік қозғалысын қамтамасыз ететін 8 ЖШС автопарк мекемелерімен;
– Тараз қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстарына жауапты «Тұрғын үй жөндеу-Тараз» ЖШС;
– Жамбыл облысы бойынша кеден және салық сұрақтарына жауап беретін «ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ;
– Жамбыл облысының республикалық маңызы бар жолдарына қатысты өтініштерге жауапты «ҚазАвтожол» Ұлттық компаниясы» АҚ филиалы;
– Жамбыл облысының тұрғындарына су шаруашылығын қамтамасыз ету бойынша ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл филиалы;
– Тараз қаласының Байзақ батыр көшесі мен теміржол аумағындағы көшелерді ыстық сумен қамтамасыз ететін мекеме «ТемірЖол Су-Шу» ЖШС.
«Jambyl 109» қызметінің басты міндеті – атқарушы органдарды халықпен байланыстыратын берік көпірге айналу. Бүгінде Қазақстанда билік халыққа жақындай түсуде, ал барлық ішкі процестер барынша ашық. Мәселе – әрқашан тұрғындардың мемлекеттік органдарға бара алмайтындығы, көбінесе қайда жүгінетінін білмеуі болды. Қазір біз осы мәселелердің барлығын шеше аламыз: тек сигнал беру керек, өтінішті қалай және қайда жіберу керек – бұл біздің қамқорлығымыз. Маңызды әлеуметтік немесе коммуналдық мәселелерді шешу биліктің күш-жігерін ғана емес, азаматтардың қатысуын да талап етеді. «109» қызметі демалыссыз жұмыс істейді, жылына 365 күн және тәулігіне 24 сағат байланыста. Сіздің мәселеңізді шешу үшін бізге қоңырау шалу жеткілікті.

Бақкелді ДАЛАБАЕВ,
«Jambyl 109» бірыңғай диспетчерлік қызметінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.