Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ізгілік пен ілтипаттың мерекесі тойланды

0 246

  №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында 22-наурызға арналған іс-шара өткізілді. Оған Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Ардагерлер мен мүгедектер» бөлімінің басшысы Нұрбек Алтынбеков, облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі Есет Досалы және қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің тілшісі Құралай Сейсенбекқызы қатысты.

Салтанатты шараға К.Әзірбаев атындағы облыстық филормонияның әншілері Г.Тинасилова, Ж.Тлеубеков және Шолпан би ансамблі, А.Тоқпанов атындағы драма театрының әртістері, «Smile» спорттық орталығы мен Абай атындағы педагогикалық колледжінің өнерпаздары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

– Күн мен түннің теңелетін уақытысына тура келген наурыз мерекесімен баршаңызды құттықтаймын. Мейірім мен қамқорлыққа, ізгілік пен ілтипатқа бөлейтін ерекше мейрам яғни Ұлыстың Ұлы күні ақ мол болсын, қайда барсақ жол болсын. Көктемнен көктемге аман есен жетейік,- деп жиналғандарды мерекесімен құттықтаған мекеме директоры Балабек Нарбаев бағдарламаға атсалысқан қонақтарды «Алғыс хатпен» марапаттады.

Кеш барысында мекеме қызметкерлерінің қолөнер бұйымынан көрме ұйымдастырылды. Және де әр ұлттың тағамдарынан ас әзірленіп, жиынға келген қонақтар дәмнен ауыз тиді. Ақ жаулықтары желбіреген әжейлер мен ақ таяғына сүйенген қариялар әз наурыз мерекесін сезініп, шат шадыман күйге бөленді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.