Instagram әлеуметтік желісінде Теректі ауданы тұрғынының дауысты хабарламасы тарала бастаған, онда әйел жануарларды өлтіргеннен кейін өзін «жақсы сезінетінін» және бұл әрекетін алда да жалғастыратынын айтады. «Мейірімді жүрек» қоғамдық қорының әкімшісі Елена Иназемцева бұл хабарламаның жалған емес екендігін растады. Оның сөзінше әйел шынымен де ауылда тұрады және иттерді қолына түскен затпен ұрып өлтіреді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Оны ауылдағылардың барлығы таниды. Психикалық сау емес деп есептелмейді, ол ішеді және жәй ғана жануарлардың жауына айналады. Бұрын ит пен мысықтарды улайтын, ал қазір өлтіріп ләззат алады», – дейді Елена.
Әйел тіпті оған жануарларға қатігездікпен қарағаны үшін қылмыстық жаза бар екенін айтқан, алайда ол бұған күліп ғана қойған. «Ертерек отырсам, ертерек шығамын» – деген Шоптыкүл ауылының тұрғыны әзілдеп.
Ол өзінің қатігез әрекеттері туралы Whatsaap-тағы ортақ топтарға жазып мақтанады. Полиция бұл іспен бұрын да айналысқан», – деп қосты жануарлар қорғаушысы Светлана Соловьева.
Жануарларды қорғаушылар бұл істің бетін жылы жауып қойғысы келмейді және қатігез әйелді жауапқа тартуды көздейді. Сонымен қатар олар жануарларға деген жауыздық күн санап артып бара жатқанына алаңдайды.