Қалалық қоғамдық-саяси газет

Істелген жұмысқа көңіл толады

0 631

Талас ауданы Жамбыл облысындағы өндірісі өркендеген, химия өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығына айтарлықтай үлесін қосып келе жатқан өлкелердің бірі. Жеткен жетістікке масаттанбай, жыл сайын нәтижені жаңартуға ұмтылған таластықтардың биыл да еңсергендері аз емес.

Мәселен, 2022 жылы ауданда жалпы өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі10 млрд. 773 млн. 300 мың теңгені құрап, 2021 жылымен салыстырғанда 98,0%-ға немесе 216млн. 300 мың теңгеге кеморындалды. (2021 жылы10 млрд.989 млн.600 мың теңге).  

Өнеркәсіп өнімдері 6 млрд. 655 млн. 300 мың теңгеге өндіріліп, өнеркәсіп өндірісінің көрсеткіштері 2021 жылмен салыстырғанда 88,9%-ға немесе 830млн.500 мың теңгеге кеморындалды. (2021 жылы 7 млрд. 485млн.800 мың теңге). Нақты көлем индексі 100,4%-ды құрады.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар қаңтар-наурыз айларында2млрд. 827 млн. 400 мың теңгені құрап, 2021 жылдың қаңтар-наурызайларымен салыстырғанда128,7%-ға немесе 772млн. 500 мың теңгеге артық орындалды. (2021 жылы 2 млрд. 54 млн.900 мың теңге). Нақты көлем индексі 130,7%-ды құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімі қаңтар-наурызайларында 2 млрд. 460 млн. 400 мың теңгеге өндіріліп, 2021 жылдың қаңтар-наурызайларымен салыстырғанда 119,6%-ға немесе 403 млн. 600 мың теңгеге артық орындалды. (2021 жылы2 млрд. 56млн.800 мыңтеңге). Нақты көлем индексі 100,2%-ды құрады.

Жеке және шағын кәсіпорындардағы сауда тауар айналымы773 млн.100 мың теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 125,1%-ға немесе 154 млн. 900 мың теңгеге артық орындалды. (2021 жылы 618 млн.200 мың теңге). Нақты көлем индексі 113,4%-ды құрады.

2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 2753  субъектісі тіркелген (2021 жылы 2681), олардың181 шағын-орта кәсіпорын (2021 жылы 174),1731 дара кәсіпкер (2021 жылы 1650) және 841 шаруа қожалықтар (2021 жылы 857).Осы тіркелген субъектілердің 2222 немесе 80,7 пайызы жұмыс істейді (2021 жылы 2151 немесе 802). Талдайтын болсақ, жұмыс істейтіндер 2222(2021 жылы 2151),130  шағынкәсіпорын (2021 жылы 120),1298 дара кәсіпкер  (2021 жылы 1211)  және 794 шаруа қожалықтар (2021 жылы 820).

Жұмыс істеп тұрған ШОК субьектілерінің саны 2022 жылдың наурыз  айында 2222 (2021 жылғы саны 2151 сәйкес кезімен салыстырғанда) 103,3 пайыз орындалған, 3,3 пайызға жоғарлаған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.