Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жұрт көңіліне қонған жәрмеңке

0 951

Тараз қаласындағы «Көне Тараз» кешенінің аумағында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті.

Жамбыл облысының 85 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға 10 аудан мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізілді.
Жәрмеңкеде жалпы құны 40,7 млн теңгені құрайтын 64,3 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары сатылды. Оның ішінде 14,1 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 3,0 тонна шұжық, 7,1 тонна сүт, 7 мың дана жұмыртқа, 300 литр өсімдік майы, 0,6 тонна кондитерлік, 4,4 тонна макарон, 0,5 тонна тұз, 3,2 тонна балық, 7,0 тонна ұн, 2,6 тонна бал және 21,8 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Сондай-ақ облыстағы 25-тен астам қайта өңдеуші кәсіпорындар өнімінің көрмесі ұйымдастырылып, онда 20 тонна өнім көпшілікке ұсынылды.
Иә, мұндай жәрмеңкелердің өтуі қос қолдап қолдауға тұрарлық. Себебі бүгінгідей сананы нарық билеген заманда халыққа қолжетімді бағамен тауар ұсыну – үлкен қолдау. Сондықтан бұқараның билік өкілдерінің жәрмеңкесіне деген көңілдері дән риза. Лайым, мұндай жәрмеңкелер дәстүрлі жалғасын тапсын деп тілейміз.

Аман ЕСЕН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.