Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қираған ғимараттар қалай қалыпқа келтіріледі? Министрлік жауабы

0 395

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев бүлінген және қираған мемлекеттік нысандарды қалпына келтіру жоспары туралы айтты, – деп хабарлайды «JambylTaraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz cайтына сілтеме жасап.

«Әкімдіктердің жедел мәліметі бойынша, бұзылған нысандарды қалпына келтіру бойынша ел бойынша 8 өңірде 53 мемлекеттік нысан және 151 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны зардап шекті. Әкімдіктер бүлінген нысандардың санын күн сайын жаңартып отырады. Әкімдіктер нысандарды қалпына келтіру бойынша нақты мерзім белгіледі. Қазір олар барлық шығындарды есептеп жатыр», – деді министр.

Өскенбаевтың айтуынша, мемлекеттік комиссия барлығына арналған қадамдық іс-қимыл алгоритмін әзірлеп, нысандарды қалпына келтірудің нақты мерзімін белгіледі.

«Барлық өңірде келтірілген залалды тексеру және бағалау жөніндегі комиссия құрылды. Бүгінгі таңда ақаулы актілер жасалып, техникалық тексеріс жүргізіліп жатыр. Кейін жедел тәртіпте күрделі жөндеу және қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Бюджеттен жұмыстарды қаржыландыру үшін әкімдіктер Министрлік бұрын жеткізген тізбе бойынша қажетті құжаттаманы жинауды жүргізеді.», – деді министр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.