Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ипотекамды есептен шығарғым келеді»: Банк мүлкін алып қойған қазақстандықтарға қандай жеңілдіктер жасалмақ?

0 600

Банктердің кепілдік саясаты қайта қаралуы мүмкін. Президент қарыздары үшін үйі мен пәтерінен шығарылған азаматтардың мәселелерін шешетін уақыт келді деп мәлімдеген болатын, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айында Алматыда болған қайғылы оқиғаны еске алды. Кепілдегі үйін алуға келген Игорь Дужнов бес адамды атып өлтірген болатын. Мемлекет басшысы бұл қылмыс көптеген мәселелердің бетін ашқанын айтты.

“Бұл қайғылы жағдай қарыз алушылардың қарыз міндеттемелерін орындамау проблемасын жүйелі шешу қажеттігін, алып қоюдың, іске асырудың жетілмегендігін, банктердің кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті барабар бағаламауын көрсетті”, – деді ол.

Қарыз алушыларға келетін болсақ, кейбіреулер қарыздың қалдығын есептен шығара бастауы мүмкін.

Рас, бірқатар шарттар бар. Біріншісі – егер сатылған жылжымайтын мүлік несие сомасын өтемесе, сондай-ақ тұрғын үйі жалғыз ал қарыз алушының кірісі ең төменгі жалақыдан екі есе төмен болса ғана есептен шығарылады.

Мұндай рақымшылыққа қанша қазақстандыққа ұсынылады және банктер төлем жасамағандарға қарсы әрекет ете ме? 

Зейнеткер Балқия Тіленова үй қызметшісі ретінде жұмыс істеп, басқа отбасында тұрады. Ол баспанасынан үш жыл бұрын айырылған. Әйел 2007 жылы банктен долларлық несие алғанын айтады. Жалғыз үйін кепілге қойып, дүкен ашқан.

“Мен 20 800 доллар алдым. Бес жыл секунд пен минутын санап, үзіліссіз, уақытында төледік. 20 мың долларды теңгеге айналдырғанда, 2 миллион 640 мың теңге болды”, – дейді әйел.

Әйелдің бизнесі жүрмей қалғандықтан банкке 860 мың теңге борыш болып қалған. Сонымен қатар, мүгедектігі бар немересін емдеу үшін қаражат қажет болады. Сөйтіп Балқия ай сайын банкке төлеуі тиіс төлемдерді тоқтатады. Банк сотқа жүгінеді. Мерзімі өткен жылдар, пайыздар, айыппұлдар және бірнеше девальвациялар оның қарызын – шамамен 9 миллион теңгеге айналдырған. Бірақ әйел оның үйін алып кетеді деп ойламаған.

“2015 жылы жалғыз тұрғын үйге қол тигізбеу туралы заң шықты”, – дейді ол.

Балқия Тіленованың айтуынша, банк қайта қаржыландырудан бас тартып, үйді өз бетінше сатуға рұқсат бермеген. Шымкенттегі 126 шаршы метр үйі аукцион арқылы 10 жарым миллионға сатылған. Несиені төлеу үшін бұл ақша жеткілікті болуы керек. Бірақ қандай да бір себептермен 132 мың теңге қалған.

“Менің үйімді сол жерде заңгер болып жұмыс істеген банк қызметкері сатып алды”, – дейді зейнеткер.

Қасым-Жомарт Тоқаев олай болмауы керектігін айтты. Президент банктерден кешірім беруді үйренуді сұрайды.

“Егер қарыз алушының сатылған мүлкі негізгі борыштың сомасын жаппаған жағдайда, оның қалған берешегі есептен шығарылуға тиіс. Бірақ борышкердің басқа мүлкі болмаған және оның табысы ең төменгі жалақының екі еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда ғана”, – деді президент.

Президент мәлімдемесінен кейін дереу ипотека төлейтіндер акцияға шықты. Олар қаржы бақылау агенттігі ғимаратының жанына жиналып, кепілде тұрған үйлерін қайтарып, қарыздарын есептен шығаруды талап етті.

“Менің ипотекамды есептен шығарғым келеді. Бізге ақша бөлінді. Бұның бәріне өзіміз қол жеткіздік. Астанаға бардық. Енді міне, банктер істемей отыр. Олар есептен шығарған жоқ. Барсаң бас тартты дейді. Соңғы рет есептен шығарған, бірақ 3 миллион қалдырып кетіпті. Сол 3 миллионның бәрін толығымен жауып тастағым келеді”, – дейді Қайыпжамал Иманғалиева.

Бірақ несиелік рақымшылық қайталануы екіталай. Екі жыл бұрын президент қазақстандықтардың қарыздарын есептен шығаруды тапсырған. Осыдан соң жарты миллионнан астам азаматтың несиесі кешірілді. Мемлекет қарыз мөлшері 3 миллионнан аспайтындардың несиесін кешірген.

“Несиелер бір рет қана есептен шығарылды. Бұның бір реттік акция екендігі атап өтілді. Ол масылдық көңіл-күй тудырмауы тиіс. Бірақ бұл бастамаға келетін болсақ, бұл жай ғана тәртіп орнату әрекеті”, – саясаттанушы Талғат Қалиев.

Президент егер қарыз сомасы 15%-дан аз болса, тұрғын үйдің кепілге алынбағанын қалайды. Тоқаев адамдарға кепілдік мүлкін алты ай ішінде өздері сатуға мүмкіндік беру керек деп санайды. Сауда-саттық ережелерін өзгерту керек екенін айтады.

“Аукциондық сауда-саттыққа қойылатын кепілге салынған мүлік оның бағалау құнының 70% – ынан төмен қойылмауға тиіс. Мұндай сауда-саттыққа кепіл ұстаушыларға – банктерге, сондай-ақ олардың қызметкерлеріне, олармен үлестес және сенімді тұлғаларға сатуға болмайды. Борышкердің және оның жақын туыстарының сауда-саттыққа бір жолғы қатысуын алып тастау қажет”, – деді Тоқаев.

Бірақ аукциондар ашық болуы үшін заңгерлер сауда-саттыққа мүмкіндігінше көп қатысушыларды жіберу керек дейді.

“Егер біз бұл алаңға мыңдаған адамды тартатын болсақ, онда жағдайды асыра пайдалану қиынға соғады. Соңғы сәтте сауда-саттықтан алып тастамас үшін сот орындаушыларынан ол мүмкіндікті алып алу керек. Егер осы сауда-саттықта ,екі жақты келісім болса, онда таза өтетін болады”, – дейді заңгер Сергей Уткин.

Нұржан Тайғұлов тоғыз жылдан бері өз үйі үшін соттасып келеді. Бұл жолы көшіру процесі онлайн режимінде өтеді. Ер адам мүлік кепілге қойылғанына қарамастан, банктың оны сатуға құқығы жоқ екенін айтады. Себебі, банк шартында осылай жазылған.

“2000-шы жылдары заңды тұлға банкте несие желісін рәсімдеді. Біз банкпен кепіл туралы шарт жасастық. Онда 1.6-тармақ бойынша банктің берешекті өндіріп алу туралы, кепіл мүлкін өндіріп алу туралы сотқа жүгінуге құқығы жоқ екендігі көзделген”, – дейді Нұржан Тайғұлов.

Нұрланның қарызы 5 миллионнан 36 миллионға дейін өскен. Ер адам банкпен төлем жасасуға дайын болған. Сауда жабдықтарын, жиһаз, машинаны сатуға дайын болған. Бірақ 250 шаршы метр аумақ бәрібір 44 миллион теңгеге кеткен. Кепіл 68 миллионға бағаланды. Бұл нарықтық бағадан әлдеқайда төмен болды дейді Нұрлан.

Бағалау жағын президент те қолдады. Ол жосықсыз мамандарды лицензиясынан айыруға дейін жазаны күшейтуді талап етті.

“Олардың жұмыс тәжірибесі кемінде үш жыл болуы керек. Бұл ретте бағалаушылар әрбір үш жыл сайын біліктілікті арттыру курстарынан өтуі тиіс. Оларға есеп жүргізіліп, сенімсіз бағалаушылардың тізімін жасау қажет”, – деді президент.

Бейсенбай Қалпақбаев әркім өз біліктілігін арттыруға тиіс деп санайды. Мұндай курстардың құны 100 мың теңге көлемінде болады.  Жігіт төрт жылдан бері компанияда көмекші болып жұмыс істейді. Жеке лицензия алу үшін емтиханға дайындалуда.

Жоғары білім, әрине, міндетті. Сондықтан кейін сенде бағалаушының дипломы міндетті түрде болуы тиіс. Әрине, емтихандар бойынша да жақсы ұпайлар болуы керек.

Бейсенбайдың айтуынша, бағалау құны жылжымайтын мүліктің жағдайына, оның қанша жыл тұрғанына және пайдаланылған құрылыс материалдарына байланысты болады. Оның компаниясында бағалар нарыққа сәйкес келетін көрінеді.

“Біз нарықтық құнды жасаймыз. Бірақ жылжымайтын мүлікке тыйым салуға тұрарлық бағаға тапсырыс берген сот орындаушы үшін жасасақ, онда аукцион, сауда-саттық түрі бар. Неге нарықтық құннан төмен. Өйткені бұрынғы иелерін үйінен қуу қажет”, – дейді Бейсенбай.

Банктерге баспана таңдау тиімсіз дейді экономистер. Өйткені, қаржы институттары да уақыт пен ақшаны жоғалтады.

“Егер мен сізге ақша берсем, несиені ақшамен қайтарғаныңыз және бұл ақшаны әрі қарай жұмысқа салғаныңыз тиімді. Міне, банк үшін ең жақсы схема. Ол үшін басқа схемалар онша қажет емес. Банк үшін кепілді сату оның қызметінің ең жағымды бөлігі емес. Мұндай қиындықтардан аулақ болу үшін сарапшылар адамдардан өз мүмкіндіктерін мұқият бағалауды сұрайды. Өйткені, қарыздар әлі де қайтарылуы керек. Кейде тіпті бөтен адамдар. Айбек Жұмабаев бес жыл бұрын үйді қолма-қол ақшаға сатып алған”, – дейді экономикалық шолушы Сергей Домнин.

Айбек Жұмабаев бес жыл бұрын үйін қолма-қол ақшаға сатып алған.

“Әкем төрт бөлмелі, 150 шаршы метр пәтерін сатты. Бұдан соң ағам көлігін сатты. Мен де көлігім мен пәтерімді саттым. Сайып келгенде, біз барлық ақшамызды осы үйге салдық. Нотариус менің келісімімді жасады. ХҚКО оны куәландырды. Иә, ол шын мәнінде еш жерде кепілде жоқ деп. Әділет басқармасы менің келісімімді тіркеді”, – дейді ол.

Ер адам жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жер телімінде тағы бір үй салып тастаған кезінде жылжымайтын мүлікті қайтару керек екенін білген.

“Басымызға жай түскендей болды. Бұл үй бір кездері заңды күшіне енбеген сот шешімі бойынша кепілден шығарылған деп болжануда. Дегенмен біз құжаттарды көрсеттік. 2015 жылы сәуір айында сот шешімі 15 күн ішінде күшіне енді. Ал үй 23-ші немесе 25-ші күні сатылды”, – дейді ол.

Айбек бұл үй бірнеше рет сатылған деп ойлайды. Банкте шағымдар болған жоқ. Енді тұрғын үйлер сауда-саттыққа шығарылатын болады. Ер адам ешкімге ештеңе қарыз емес екенін дәлелдей алмайд әлек.

“Жеке сот орындаушысы оны аукционға, сауда-саттыққа шығарғысы келеді. Әрине, бұл оған пайдалы. Қазір ол өзінің туысына төрт, бес есе арзан сатады. Бұдан соң маған барып, соттасуға, өзімдікін дәлілдеуге тура келеді”, – дейді Айбек.

Шамасы, жарты миллион қазақстандыққа түсіндіруге тура келеді. Дәл сонша адам шот-фактураны төлемейді. Банктерге шамамен 350 миллиард теңге берешек, кепілде жүздеген жылжымайтын мүлік объектілері бар. Адамдарды қаржылық шұңқырдан шығару үшін мамандар жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қабылдау керек дейді. Төлей алмағандар қарызды есептен шығара алады. Бірақ мұндай клиенттерге ешқашан несие берілмейтіні анық.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.