Қалалық қоғамдық-саяси газет

Инвестициялардың игілігі сезілуде

0 249

Облыста  2025 жылға дейін құны 2 трлн. теңгені құрайтын 1154 жоба іске асырылмақ.  Соның нәтижесінде 14,4 мың жұмыс орнын құрылады деп күтілуде.  Даму жоспары аясында агроөнеркәсіп кешені саласында жалпы құны 73,5 млрд. теңгені құрайтын 711 жобаны іске асырып, 4,3 мың жаңа жұмыс орындарын ашу көзделуде.  Жыл қорытындысымен жалпы салада 110 жоба іске қосылып, 400-ге жуықадам тұрақты жұмысқа орналаспақ.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту 10 бағытта жүзеге асырылады.

Ауылдық елді мекендерде кооперация жүйесін дамыту мақсатында аудан әкімдері елді мекеннің ауыл шаруашылығы саласы әлеуетін түбегейлі зерделеп, әр ауылдық округтің өнім өндіру, қайта өңдеу және өнімді өткеруде кластерлік тәсілді қолданып, жоспарын әзірлеген.  Бұл тәсілді қолдану үшін 10 ауданнан бір ауылдық округтен, Тараз қаласынан бір алқап таңдап алынған. Аталған жобалар кластерлік бағытта «бір ауылда – бір жоба» қағидатымен жүзеге асырылатын болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.