Қалалық қоғамдық-саяси газет

Индонезияда «Димаш: Қазақстанның алтын дауысы» атты көрме өтті

0 271

Индонезияның астанасы Джакартада Димаш Құдайберген мен Қазақстанның мәдениетіне арналған 10 күндік көрме өтті деп хабарлады turkystan.kz dimashnews сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшілігі мен Индонезия Республикасының Нұр-Сұлтандағы Елшілігінің қолдауымен Димаш Құдайберген DIDFC индонезиялық фан-клубы ұйымдастырды.

Барлық қонақтар үшін Димаштың «Дайдидау» және «Любовь уставших лебедей» әндерімен таңғажайып қойылымдар дайындады.

Көрмеде Димаштың жанкүйері Тита Джаджосман Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» атты белгілі поэмасын оқып, қонақтарды таң қалдырды.

Сондай-ақ көрменің ашылу күні барлық қонақтар Димаштың «D-Dynasty» концертін тамашалады.

Көрмеде Димаштың фотосуреттері, оның шығармашылығы туралы ақпарат, сондай-ақ Қазақстанның суреттері көрсетіліп, кәдесыйлар ұсынылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.