Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Халық қуды». Тағы бір келінді терезеден түсіру сәті жұрттың шамына тиді (Видео)

0 185

Жаңа түскен келінді үйге терезеден кіргізу сәті бейнеленген тағы бір видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Ондағы жұрт бұл ырымға қымсынар емес. Тіпті қуаныштан қол шапалақтап жүр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Экспресс К. сайтына сілтеме жасап.

Жас келіннің босағаны есіктен емес, терезеден аттауы желі жұртшылығының қатты ашуына тиген. Бейнежазба Facebook-те жарияланды. Видеода той көйлегін киген қыздың арнайы терезенің түбіне қойылған сатыға жақындағанын көруге болады. Артынша орамал таққан екі келіншек қолынан демеп, кілем төселген сатыға шығарады. Жас келін үйге кірмек болғанда той көйлегі сыймай қалып, оған жанындағы әйелдер көмектеседі.

Бұл бейнежазбаға желіде түрлі пікірлер жазылуда. Көпшілігі мұндай ырымның тым артық екенін айтқан.

«Бұл қайдан шыққан ырым? Ата-бабамыз киіз үйде тұрғанда келінді осылай кіргізіп пе?» «Бір үйде екі өлім болса ғана бірін есіктен, екіншісін терезеден шығарушы еді, мынадай ырымды алғаш көруім». «Оңбаған ойына келгенді жасайтын болды. Бұл халық қуды»,

—деген жазбаларын қалдырған желі қолданушылары.

Еске салайық, бұған дейін тағы бір келіннің әулетке дәл осылай терезеден кіруі көптің қызу талқысына түскенін жазған болатынбыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.