Қалалық қоғамдық-саяси газет

Халық игілігіне – Дәрігерлік амбулатория

0 212

Т.Рысқұлов ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Жақсылық дәрігерлік амбулаториясы ашылды.

2020 жылдан бастап фельдшерлік-акушерлік пункт мәртебесінен дәрігерлік амбулаторияға ауыстырылған ғимарат 15 келушіге арналған. Елді мекендегі денсаулық ордасының ашылуына аудан әкімі Е.Есіркепов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Х.Мұрзақасымов, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қ.Бижанов және ауыл ардагерлері қатысты.

Нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер – «Тұлпар строй сервис» ЖШС болса, сметалық құны 108 миллион теңгені құрайды.

Дәрігерлік амбулаторияда 1 жалпы тәжірибелі дәрігер-жас маман, 3 аймақтық мейірбике, акушер, ем қабылдау және егу мейірбикесі, әлеуметтік маман, зертханашы кіші бике сынды жалпы саны 11 қызметкер жұмыс істейді.
Амбулаторияда бастапқы медициналық-санитариялық көмек, дәрігерлік қабылдау, акушерлік қабылдау, скринингті тексеру, екпе егу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар 2 төсекке күндізгі ауру стационары да қарастырылған. Лабораторияда жалпы қан, зәр, қан талдауы, микрореакция да жасалады.

Бүгінде аудан тұрғындарына 35 денсаулық сақтау нысаны – 1 аудандық аурухана, 1 аудандық емхана, 1 ауылдық емхана, 14 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, 13 медпункт үздіксіз қызмет етуде.

Дариха Үмбетиярова, журналист

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.