Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Хабар 24» журналисінің оқиғасы: күзет агенттігі лицензиясынан айырылды

0 467

Алматыдағы әкімдік ғимаратынан күштеп шығарылған «Хабар 24» журналисінің оқиғасынан кейін Күзет агенттігі лицензиясынан айырылды, – деп хабарлайды Jambyl-Taraz ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясының баспасөз қызметі Алатау ауданы әкімдігін күзетумен айналысатын кәсіпорын күзет қызметі лицензиясынан айырылғаны туралы ақпаратты растады.

«Бастығын полицияға шақырып, қызмет ету лицензиясынан айырды», – деп түсіндірді Полиция департаментіндегілер.

Бұған дейін Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Алена Горбачева бұл жағдай туралы телеарна арызын адвокаттар дайындағанын және жақын арада полицияға жіберілетінін айтқан болатын.

Айта кетейік, «Хабар 24» журналисі Алматыда әкімдік ғимаратынан күштеп шығарылғаны хабарланған болатын. Оқиғаның видеосын тілші Facebook-парақшасында жариялады. Бұл жағдай бүкіл БАҚ өкілдері мен ел назарын аудартты. Кейінірек Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігі жағдайға түсінік берді.

Сондай-ақ, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева оқиғаға қатысты Facebook-парақшасында жазба жариялады. Ол Алатау облысы әкімдігіндегі күзет қызметкерінің әрекеті заңсыз екенін жазды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.