Қалалық қоғамдық-саяси газет

Головкин ағылшын тілінде неге сөйлемей кеткені туралы айтты

0 349

IBF және IBO бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Yahoo! Japan-ға берген сұхбатында Саул Канело Альвареспен трилогиясы және неге көпшілік алдында ана тілінде сөйлей бастағаны туралы айтты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

– Сіз әлі де басты қарсыласыңыз Саул Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізгіңіз келе ме? Егер жекпе-жек болса, орта салмақ дәрежесінде өтуі мүмкін, бұл сіз үшін қалыпты ма?

– Егер Канеломен трилогияны сипаттасақ, бұл акция бағасының өсуін күтумен бірдей. Егер ол IPO деңгейіне жетсе, жекпе-жекке шығуымыз мүмкін.

– Сіз АҚШ-та супер жұлдыз болдыңыз. Егер Канеломен бірінші кездесуде жеңіске жетсеңіз, одан да танымал болатын едіңіз. Сіз оған қарсы жекпе-жек туралы ойлайсыз ба?

– Бұл жекпе-жек туралы көптен ойламадым. Бұған қатысқандар шындықты біледі, онымен күресуге тура келеді. Боксты түсінетіндер кім жеңгенін біледі.

– Неге Канеломен екінші жекпе-жектен кейін көпшілік алдында ағылшын тілінде сөйлемей кеттіңіз?

– Ана тілімде ойымды анық жеткізем деп ойладым.

Еске салайық, Головкин 29 желтоқсанда Токиода рингке оралады, ол орта салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері, жапондық Риота Муратамен жекпе-жек өткізеді.

Канеломен 2017 және 2018 жылдары Лас-Вегаста кездескен. Бірінші жекпе-жекте кім мықты екені анықталмады, ал екіншісінде мексикалық жеңіске жетті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.