Қалалық қоғамдық-саяси газет

GGG-дің жеңілісінен кейін жылаған жандар (ВИДЕО)

0 653

Бүгін АҚШ-та мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкин үшінші мәрте кездесті деп жазды turkystan.kz.

Әлем назарын аударған жекпе-жекті миллиондаған қазақстандық та асыға күтті. Десе де спорт жеңістен ғана емес, жеңілістен де тұрады.  Өкінішке қарай, отандасымыз ұпай санымен қарсыласынан ұтылды.

Осы оқиға 40 жастағы Геннадий Головкиннің жанкүйерлеріне оңай соқпаған сыңайлы. Әлеуметтік желілерде жылап жүрген қазақстандықтардың видеолары жариялана бастады. Кадрдан боксшыға деген жұрттың ықыласын, құрметін одан қалды ілтипатын анық байқауға болды.

Ал спортшының өзі халыққа үндеу жасады.

«Жерлестер, сіздерге көп рахмет! Қолдауларыңыз үшін шексіз алғыс айтамын! Мен оны бүкіл болмысыммен сезіндім. Күш жинап әлі де рингкке ораламын. Бірге біз мықтымыз!, Алға, Қазақстан», – деді боксшы желідегі парақшасында.

Ең адал жанкүйерлердің шынайы эмоциясына сіз де куә болыңыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.