Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Фильмдегідей»: Елордада полиция төбелес қатысушыларын ерекше әдіспен қолға түсірді (ВИДЕО)

0 511

Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтандағы ұстау операциясының видеосы тарап жатыр. Қызметтік көлік бұрылып жатқан кезде төбелеске қатысушылардың бірін соғып кеткен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Кадрларда полиция көлігі төбелесіп жатқандарға қарай бара жатып, бұрыла берісте біреуінің аяғын соғып кеткен. Содан кейін тәртіп сақшылары оларды ұстаған.

«Фильмдегідей», — дейді видео авторы.

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің мәліметінше, «102» пультіне жолдың бойында төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Содан кейін жедел полиция қызметкерлері аттанған. Оқиға орнынан кетіп қалуға тырысқан ұсталған. Оларды «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасына жеткізген.

Ведомствоның мәліметінше, Kia маркалы көліктің жолаушысы алдыңғы әйнегін сындырып, капотқа зақым келтірген. Салдарынан таксист пен клиент арасында жанжал туындаған. Сонымен бірге, клиенттің мас болғаны анықталды.

Қазіргі уақытта «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Полицияның дерегінше, ұстау кезінде ешкім зардап шекпеген.

Одан бөлек, полицияның арнайы құралдарды қолдану фактісі бойынша қызметтік тексеру тағайындалды, оның қорытындысы бойынша полицейлердің әрекетіне тиісті құқықтық баға берілетін болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.