Қалалық қоғамдық-саяси газет

Eurovision-2022 байқауының логотипі мен ұраны жарияланды

0 202

2022 жылы Италияның Турин қаласында өтетін Eurovision байқауының ұйымдастыру комитеті музыкалық байқаудың логотипі мен ұранын ресми түрде жариялады, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат байқаудың Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

Алдағы 66-ән байқауының жаңа ұраны мынадай: «Сұлулық дауысы» деп аударылатын «The Sound of Beauty» .

Байқауға 41 ел қатысады, өйткені Армения бір жыл үзілістен кейін, ал Черногория екі жыл үзілістен кейін оралды.

Бірінші және екінші жартылай финал 10, 12 мамырда, ал ақтық кезең 14 мамырда өтеді.

Дәстүр бойынша, Италия 2022 жылы Eurovision-ді өткізу құқығын 2021 жылғы байқауда жеңіске жеткеннен кейін иеленді.

Еске салайық, байқаудың қазіргі жеңімпазы – 524 ұпай жинап, ақтық кезеңде «Zitti e Buoni» әнін орындап, жеңіске жеткен Maneskin рок-тобы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.