Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ескі «Әулиеата кварталы» жаңартылады

0 286

​  Бүгінде шаһардың даму перспективасына талдау жасалған. Әсіресе «Көне Тараз» қалашығы аумағын дамытудың әлеуеті зор. Мұның алғашқы кезеңі 9,2 га аумақты қамтып, онда 106-жеке тұрғын үй,17-кәсіпкерлік мақсаттағы нысандар орналасқан. Бағалау нәтижелерінің қорытындыларына сәйкес, көлемі 6,10 га,109 жер учаскелері және өзге де жылжымайтын мүліктер 3,1 млрд. теңге бағаланды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

​Бұл аумақта шығыс базары, керуен сарай кешені, қолөнершілер орталығы, «Хан мен билер» орталығы, қонақ жайлар, кафе, мейрамхана, демалыс орындары, бірқатар әлеуметтік нысандар жобаланған. Сонымен қатар, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізе отырып, тарихи қабаттарды қалпына келтіріп, археологиялық саябақ ұйымдастырылмақ.

​Ал 2-кезең 9,8 га аумақты қамтып, онда 116-жеке тұрғын үй, 7-кәсіпкерлік мақсаттағы нысандар орналасқан.
​Бұл аумақта Түркі әлемі кешені, қонақ жайлар, кафе, мейрамхана, 2-3 қабатты тұрғын үйлер, бірқатар әлеуметтік нысандар, Тюйте каналаның бойына тарихи-мәдени ескерткіштердің шағын макеттері орналасқан саябақ құрылысы жоспарлануда.

​Жобаны іске асыру үшін абаттандыруға жергілікті бюджеттен – 372 млн.теңге, инфрақұрылымын дамытуға жергілікті бюджеттен – 650 млн. теңге, инвесторлар есебінен салынатын нысандарға шамамен – 17,5 млрд. теңге қаражат тартылған. Бұған қоса ескі «Әулиеата кварталын» жаңарту, Зербұлақ, Үшбұлақ жағажайлары құрылысының аяқталуы қосымша туристік әлеуетті арттыра түспек. Сонымен қатар Бас жоспардың жобасын есепке алғанда, қалада мемлекет меншігіндегі бос жатқан жерлер бар. Ол жерлерге 5 қабаттан жоғары 7-9-12 қабатты үйлерді соғу, қала тұрғындарына демалыс орындарын салу мүмкіндігі де қарастырылған.

Бүгінде «Халық берекесі» қайырымдылық қоры тарапынан 15-ші шағын ауданынан салынатын 2 әлеуметтік тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптама мекемесінен өтуде. Ағымдағы жылдың қараша айында құрылыс жұмыстары басталмақ.

​Осыған орай қаладағы инженерлік-коммуникациялық жүйелерді жаңарту, тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, ирригация желілері мен жылдар бойы елеусіз қалып қалған көше жолдарын жөндеу бойынша 2021-2023 жылдарға арналған 3 жылдық өңірлік даму бағдарламасын әзірленген. Аталған жоспарға сәйкес 89 нысанда су, кәріз жүйелерін жөндеу, 156 көше мен 151 көпқабатты тұрғын үй аулаларын сыртқы жарықтандыру, 27 көшедегі 38,2 шақырым лоток жүйелерін ауыстыру, 6 канал арнасын тазалау, 241 аула алаңшаларын абаттандыру жұмыстары жоспарлануда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.