Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ерсін Әміре марқұм анасына жасай алмаған өкініштері туралы айтып көзіне жас алды

0 289

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстазы, имам Ерсін Әміре өмірін туралы баяндайды. Дін жолына әкесінің ақылымен келген ұстаз пендешілік өкініштері мен қорқыныштарын жасырмайды. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ерсін Әміре Түркістан облысы Ордабасы ауданынының тумасы. Әкесі бала күнінен құлағына Құранды құйып өсірген. Ұлына қари бол деп ақыл айтып, сол жолға о бастан дайындаған екен.

Ерсін Әміре Құран кәрімді жаттау орталығын, 2000-2001 жылдары Шымкент қаласындағы “Нәзір Төреқұлов” атындағы орталықтан араб тілі курсын бітірген.

“Бала күнімен әкем Құран жаттатты. Қари бол деді. Қарилықтың не екенін, қандай сауабы барын айтты. Бала күнімен дайындады десем де болады. Солай оқуды 2007 жылы бітіріп келдім. Үйленіп тұңғыш қызым өмірге келерден бір ай бұрын анам өмірден өтті. Анамды тым болмағанда кіші қажылыққа апарғанда, немересін көргенде деген секілді пендешілік өкініштерім бар. Алла жәннаттық қылсын”, – деп көзіне жас алды.

Имам өмір бой дін жолында жүріп, кішкентай сынақтарға шыдамай ішкілікке салынған, соның салдарынан жол апатына түсіп қайтыс болған адамдарды көргенін айтады. Өмірде адамның әдемі өліммен қайтқаны жақсы деп армандайды.

“Өмірде Алланың аманатына қиянат жасаудан қорқамын. Бір ағамамыз өмір бойы дін жолында жүрді. Намаз оқыды. Бірақ кішкентай сынақтарға шыдамай ішімдік ішіп алды. Жол апатына түсіп, ажал құшты. Сондай жағдайларға қарап отырып, жүрегім ауырады. Әдемі өлім деген болады. Тура жолдан таймасақ екен деп тілеймін”, – деді Ерсін Әміре.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.