Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ерлан Қошанов мәжіліс депутаты болды

0 109

Орталық сайлау комиссиясы мәжілісте босаған депутаттық мандатты Ерлан Қошановқа беруге шешім қабылдады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутатының бос мандаты «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ерлан Жақанұлы Қошановқа берілсін. Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болып тіркелсін. Ерлан Жақанұлы Қошановқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын», – делінген ОСК қаулысында.

Айта кетері, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш бергені белгілі болды. Осыған орай орталық сайлау комиссиясы бұл мәселені мәжіліс қарауына енгізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.