Әлеуметтік желіде Алматы облысында жоғалып кеткен баланы іздеу кезінде ер адамның суға батып кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Іздеу жұмыстарына көмектескен еріктілердің бірі оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
“Бізге баланы іздеу жұмыстары тоқтатылғанын, енді тек мамандар ғана іздеуді жалғастыратыны туралы айтылды. Алматының төтенше жағдайлар басқармасы мұндай ақпарат таратқанда, біз түсінбей қалдық. Өзеннің жаны қауіпті еді. Ерікті әйелдер мен жастардың ол жаққа бармағаны дұрыс, тек мықты және тәжірибелі ер адамдар қажет деп айтылды. Ол кезде біз Әлидіі құтқару кезінде, ерікті болып іздеуге шыққан ер адамның бірі өзенге ағып кеткені туралы білмеген болатынбыз”, – деп жазды еріктілердің бірі.
Баланың денесі үш күннен кейін табылды.
“Анасы баласын суретке түсіріп жатқан кезде Жандосов ауылының жігеттері жандарынан өткен. Бірнеше адам баланың анасына бұлай суретке түсірудің қауіпті екенін ескерткен. Сосын бала тайғанап, ағыс алып кеткен. Жылқымен жүрген жігіттердің бірі ағысты бөгеп, баланы ұстап қалмақ болған, бірақ оның денесі тасқа қысылып қалған болуы керек”, – дейді ерікті.