Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ерекше балалар Жаңа жылда ескерусіз қалмайды

0 477

Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен қалалық оқушылар сарайының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаңажылдық қойылым өтті. Шараға барлығы 300-ге жуық бала қатысты.
«Сиқырлы шарлар» атауымен бүлдіршіндерге ұсынылған мерекелік іс-шара «Аяз атаның шеберханасы» хореографиялық қойылымымен ашылды. Одан әрі салтанатты кеш көңілді ойындар және ән-билермен жалғасын тапты. Мерекелік қойылымға келген балалар шат – шадыман болып, тамаша әсер алып, арнайы сыйлыққа ие болды.

Айта кетейік, қаламызда демеушілер есебінен мүгедектігі бар 14 жасқа толмаған 2028 баланы жаңажылдық сыйлықпен қамту жоспарда. Соның ішінде, Тараз қаласында тіркелген «Мейірім», «Болашақ» және арнайы мектеп-интернаттарда, интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мектептер мен бала-бақшада білім алып жатқан, үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіліп жатқан балалар қамтылады.

Қосымша сұрақтар бойынша 8(707) 373 1740; 54-47-01 байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.