Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ерболат Досаевқа мүмкіндік бердім» – Мемлекет басшысы

0 319

Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында Алматы қаласы әкімін тағайындау кезіндегі шешімін түсіндіріп берді деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

–  Алматы – еліміздегі ең ірі, ерекше шаһар. Қаланың ахуалы, тұрғындардың әл-ауқаты менің жеке назарымда. Қаңтар оқиғасы кезінде қаланың экономикасы зардап шекті. Азаматтардың және бизнес иелерінің дүние-мүлкі тоналды. Көптеген нысан өртелді, қиратылды. Соның бәрін қалпына келтіру керек. Бұл – оңай шаруа емес. Сондықтан осындай жауапты жұмыс жаңа әкім Ерболат Досаевқа жүктелді, қолынан келеді деп үміттенемін. Себебі, оның бизнес саласында, мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Іскер, еңбекқор адам. Жұмыс істеуіне мүмкіндік берген жөн деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.