Қалалық қоғамдық-саяси газет

Энергетика министрі оңстүстіктегі жарықтың өшуі туралы айтты

0 278

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов елдің оңтүстік өңірлерінде электр қуатының үзілуіне байланысты жүргізілген тексерудің алғашқы қорытындысын жариялады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі кznews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Оңтүстік өңірлердің тұтынушыларын электрмен жабдықтауын бұзуға әкеліп соққан «KEGOC» АҚ электр желілерінде технологиялық бұзушылықтың туындауының себептерні анықтау үшін ҚР Энергетика вице-министрінің басшылығымен 2022 жылғы 26 қаңтарда арнайы комиссия құрылды.

Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KEGOC» АҚ және Алматы энергетика және байланыс университетінің құзыретті өкілдері енгізілді», — деді министр.

Оның айтуынша, комиссия жұмысының нәтижелері бойынша технологиялық бұзушылықтың бірнеше себебі анықталған.

«Қуаты 500 кВ болатын бірінші шинаның дифференциалдық қорғауының шамадан жоғары жұмыс істеуіне байланысты Сырдария ЖЭС-інің жұмысы бұзылды және өзбек энергия жүйесінде 2105 МВт жиынтық генерацияны жоғалта отырып, 500 кВ іргелес желінің өшуіне әкеп соқты. Өзбек энергия жүйесінде пайда болған қуат тапшылығы «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитіндегі қуаттың 2105 МВт шамасындағы артылуына алып келді. Соның салдарынан шамадан тыс жүктемеге байланысты динамикалық орнықтылық бұзылып, құрылғылардан ажыратылды», — деді ведомство басшысы.

Министрдің сөзіне қарағанда, комиссия жұмысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып отыр.«Технологиялық ақау туындаған сәттегі, оқшаулау және жою кезіндегі персоналдың іс-әрекетіне, релелік қорғау және аварияға қарсы автоматика жұмысына баға берілді. Сондай-ақ, осындай технологиялық бұзушылықтарды болдырмау бойынша ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар әзірленді», — деді Болат Ақшолақов.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.