Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Енді шпагатқа отырамын»: 64 жастағы етжеңді қырғыз әйелі жұртты таңқалдырды (ВИДЕО)

0 118

Қырғызстанның Талас облысы Талды-Булак айылының тұрғындары денешынықтырумен айналысуда деп хабарлады turkystan.kz «Настоящее Азия» порталына сілтеме жасап.

Айылдағы спорт залды жергілікті жаттықтырушы Камчыбек Жаманкулов ашқан. Ол демеушілер тауып, спорт залды жөндеп, керек-жарақтарды сатып алған. Қазір залға айылдағы егде жастағы адамдардың көбісі келіп жүр. Соның бірі Гүлжамал Энкилбаева спорт залға келгелі бері 10 келі салмақ тастағанын, бұрын 10 метр жүрсе ентігіп қалатынын, ал қазір жақсы жүріп, бойына қайта қан жүгіргенін айтады.

 «Мен жасыма қарамаймын. Маған денсаулық керек. Енді шпагатқа отырамын», – деді ол.

Спорт залды ашқан жаттықтырушы жасы 60-тан асқандардың дене тәрбиесімен шұғылданып жатқанына қуанып, бас бармағымен баға берді.

«Шыны керек, айылдағы жасы келген әйелдердің көп жүре алмайтынын көргенде жаным ашыды. Бұл қан айналымының бұзылғаны деп ойладым. Сосын зал ашып көрейін, әрі қарай көре жатармын дедім. Енді міне, өзіңіз көріп отырғандай, бәрі жақсы. Әйелдердің отырып-тұруы жақсарды. Бұрын баспалдаққа шыға алмайтын. Қазір бір орнында тұрмай, секіріп жүр», – деді ол.

Спорт залда ер адамдар да дене тәрбиесімен айналысады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.