Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елжан Біртановқа қатысты сот үкімі шықты

0 251

Бүгін Астанадағы №2 Сарыарқа аудандық сотында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Экспресс К.

Сарыарқа аудандық сотының судьясы Ибрагим Әлкенов Біртановты санавиация бойынша ақтағанын, ал басқа айыптар бойынша 5 жылға бостандығын шектегенін айтты.

Сот Біртановты санитарлық авиация ұшағын пайдаланды деген айып бойныша толықтай ақтайды. Өзге айыптаулар бойынша Біртановтың 5 жылға, оның орынбасары Әбішевтің 4 жылға бостандығы шектелді, — деді судья.

Елжан Біртанов пен оның сол кездегі орынбасары болған Олжас Әбішевке қатысты сот процесі 26 мамырда басталды. Ал тергеу 2 жылға жуық жүргізілді.

Естеріңізге салсақ, экс-министр соңғы сөзінде мемлекеттік айыптаушылардың жеткілікті дәлел ұсына алмағанын айтқан болатын.

Осыдан екі апта бұрын прокурор Біртановты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Еске салайық, Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасында қамауға алынды. Ал 7 қарашада бұлтартпау шарасымен үйқамаққа ауыстырылды. Тергеу екі жылға созылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.