Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елордада жол апатынан 5 автокөлік зардап шекті

0 255

Елордада «BMW» маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі тізгінді басқара алмай, тұрақта тұрған көліктерге соғылды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Aikyn.kz  сайтына сілтеме жасап.

«27 қыркүйек күні сағат 05:35 шамасында «BMW» маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі Конституция көшесімен 18/1 үйге қарама-қарсы жүріп келе жатып, рульді басқара алмай қалған. Сөйтіп «Renault» маркалы тұраққа қойылған автокөлікке соқтығысып, одан әрі инерциямен «Hyundai», «Volkswagen» және «Toyota» автокөліктері механикалық зақым алды», – делінген ведомство хабарламасында.

Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша «BMW» жүргізушісіне қатысты 610-бап 1-тармақ бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.