Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елордадағы жаңа Оқушылар сарайы қандай болмақ?

0 414

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында тұрғындар өтініші бойынша қаланың сол жағалауында Оқушылар сарайының құрылысы басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

«Осыған дейін «Номад», «Сармат», «Инфинити» және т.б. тұрғын үй кешендерінің тұрғындары қаланың сол жағалауында Оқушылар сарайын, жаңа мектеп және гүлзар салу мәселелері бойынша жүгінді. Бұл проблемалардың бәрі шешілді.

Мысалы, Тұран даңғылы бойында жеке инвестициялар есебінен оқушылар сарайының құрылысы басталды. Қазіргі уақытта алаңды бөлшектеу (демонтаж) және тегістеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқушылар сарайының жалпы ауданы шамамен 5 мың шаршы метрді құрайды. Кешенде бассейн, робототехника және IT-бағдарламалау кабинеттерін, хореография, спорттық-бал биі, гимнастика, шахмат және т.б. залдарын ашу жоспарланып отыр. Бұл Оқушылар сарайы қала тұрғындарының өтініші бойынша сол жағалауда ашылмақ. Себебі алғашқы салынған Оқушылар сарайы қаланың оң жағалауында орналасқан.

Бірнеше үйдің тұрғындары көтерген екінші мәселе – мектеп құрылысы. Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында «Поколение» тұрғын үй кешенінің ауданында 2400 орындық мектеп саламыз (2 ауысымды). Оның қазаншұңқырын қазу және қадаларын қағу жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында № 59 мектеп аумағында (Сауран көшесі, 5/1) 1200 орындық тағы бір корпус саламыз (2 ауысымда). Наурыз айының соңына дейін мемлекеттік сараптамадан жобалық-сметалық құжаттаманың шығуын күтеміз, сәуірде мектеп құрылысына конкурс жариялаймыз. Биыл оқу орнының құрылысына қаражат қарастырылды.

Үшінші мәселе – ашық аспан астында бос уақытты пайдалы өткізетін орын құру. Абаттандыру маусымы басталысымен Қабанбай батыр даңғылының бойында («Инфинити» ТК қарама-қарсы) аумақты көгалдандыру мен абаттандыруға баса мән беріліп, қоғамдық кеңістік саламыз», – деп жазды елорда әкімі.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.