Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елордада полиция бастығы өз қызметкерлерін ұрып-соғып жүр (видео)

0 241

Әлеуметтік желіде «елорда әуежайының желілік полиця бөлімінің бастығы өз қызметкерлерін ұрып-соғып жүр» деген видео тарады. Аталған бейнероликке қатысты Көліктегі полиция департаменті қызметтік тексеруді бастады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Express Qazaqstan.сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайдағы желілік полиця бөлімінің бастығы Мақсат Әбікен өзінің қызметін асыра пайдаланып, қоластындағы адамдарын ұрды деп шағым түсті. Полиция тексеріс бастады,

— деп жазады Жанар Турбалаевна есімді пайдаланушы.

Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған видеоға байланысты қызметтік тексеріс бастағанын хабарлады.

Әлеуметтік желіде тараған видео бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі туралы қосымша хабарлаймыз,

— дейді Көліктегі полиция департаменті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.