Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елордада 2 жасар сәбиді құтқарған бозбалаға 3 бөлмелі пәтер берілді

0 339

Нұр-Сұлтан қаласындағы көпқабатты үйдің терезесінен құлағалы тұрған баланы аман алып қалған 17 жастағы Есдәулет Дәуітбековке пәтер берілді деп хабарлады turkystan.kz.

Пәтерді «G-Park» құрылыс компаниясы сыйлаған.

«Бізді бүгін G-Park компаниясы шақырды. 3 бөлмелі пәтер берді. Ертеңнен бастап құжаттарды рәсімдейміз деді. Ал біздің дәл қазіргі тұрып жатқан үйімізді ипотекаға алғанбыз», – деді Есдәулет Дәуітбеков ҚазАқпарат тілшісіне.

Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов  елордалық мектеп түлегі Есдәулет Дәуітбековке білім грантын табыстағанын жазғанбыз.

Айта кетсек, ержүрек жігіттің отбасында 6 бала бар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.