Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елімізде тұмауға қарсы вакцина науқаны басталды

0 497

  Бүгін елімізде тұмауға қарсы иммундау науқаны ертерек басталды,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі  Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Әдетте қазан айының ортасында жүзеге асатын маусымдық екпе егу былтырдан бастап бір айға ерте келеді. Медициналық мекемелер оған тас-түйін дайын. Тек жіті респираторлық вирусқа қарсы екпе барлығына бірдей салынбайды. Тұмауға қарсы вакцинаны кімдер ала алады?

Тұмауға қарсы вакцинаны еліміз биыл да Ресейден алып отыр. Жыл сайын тұрақты түрде қолданатын «Гриппол+» екпесі. Биыл 2 млн 500 мың дозасы сатып алынған. Ең әуелі медицина саласының қызметкерлері, балалар мен қарт адамдар және диспансерлік есепте тұрғандарға екпе тегін салынады.

Тұмауға қарсы екпенің иммунитетте сақталу көрсеткіші бір жылға дейін сақталады дейді мамандар. Сондықтан жылда бір рет салуға рұқсат берілген. Созылмалы аурулары бар адамдарға, жиі ауыратын балаларға алып алғаны жөн. Балалар ата-анасының рұқсатымен егіледі. Өткен жылы елімізде 2678 адам тұмауратса, оның жартысынан көбі 14 жасқа толмаған балалар. Мамандардың айтуынша, жыл сайын қазан айының ортасында тұмау күрт өршиді. Ал, тұмауға қарсы вакцинадан кейінгі иммунитет 2 аптадан соң қалыптасады. Сол себептен биыл екпе жылдағыдан ерте салынады. Ал, короновирус вацинасының қос дозасын да алған адам тек екі аптадан кейін ғана осы тұмаудың екпесін егіле алады.

Егер сіз бүгін коронавирусқа қарсы вакцина алсаңыз, тек 14 күннен кейін тұмауға қарсы вакцина саласыз. Тұмауға қарсы вакцинаны алғаннан кейін де екі апта өткен соң ковидке қарсы екпе алуға болады. «Бұл – тек тұмауға қарсы вакцина. Коронавирус пандемиясы кезінде, тұмауды өршітіп алмауға мүмкіндік береді», – дейді мамандар. Бүгіннен басталған екпе науқаны 2 айға жалғасады.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.