Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елімізде көлікпен жолаушы тасымалдау 4 пайызға қымбаттады

0 242

Елімізде автокөлікпен жолаушы тасымалдау қызметі 4 пайызға қымбаттады деп хабарлады turkystan.kz .

Finprom.kz порталының мәліметінше, осы жылдың бірінші жартыжылдығында автокөлік және қалалық электр көлігі кәсіпорындарының кірісі 192,5 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,8 пайызға көп. Оның ішінде шамамен 137,3 млрд теңге жүк тасымалынан, 55,1 млрд теңге жолаушы тасымалынан, 68,1 млрд теңге жүргізушілері немесе экипажы бар көлік құралдарын лизингке беруден түсті.

Көлік түрлері бойынша табыс:

– жүк автокөлігінен 137,3 млрд теңге (ақшамен есептегенде 47,6 пайыз өсім); – автобустармен тасымалдаудан 49,4 млрд теңге (+28,9%)

– такси қызметі есебінен 2,2 млрд теңге (+1,9%);

– трамваймен тасымалдау есебінен 952,6 млн теңге (+13,2%);

– троллейбуспен тасымалдау есебінен 942,7 млн теңге (+26,3%).

Өңірлер арасында ең көп жолаушылар тасымалы Алматы қаласында тіркелді. Онда 884,3 млн адам тасымалданды. Одан кейінгі орында Қостанай мен Павлодар облыстары тұр.

Жолаушылар тасымалы ең аз өңірлер – Маңғыстау, Ұлытау және Қызылорда облыстары.

Сондай-ақ мәлім етілгендей, биылғы жылдың маусым айында автокөлікпен жолаушылар тасымалдау бағасы өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға қымбаттады. Бағаның ең жоғары өсуі Алматы облысында (+9,8%) байқалды. Одан кейінгі орындарда Түркістан (+8,5%) және Қостанай (+6,2%) облыстары тұр

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.