Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина Қазақстанға оралды деп хабарлады turkystan.kz.
Астана әуежайында қазақстандық теннисшіні туыстары мен достары, шенеуніктер мен журналистер, сондай-ақ жанкүйерлері қарсы алды. Спортшы арнайы дайындалған қымыз бен бауырсақтан дәм татты.
Бүгін Рыбакина Президентпен кездесіп, баспасөз мәслихаты мен жас ойыншыларға арналған шеберлік сағатын өткізеді.
Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Уимблдонның жеңімпазы Елена Рыбакинаны ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.