Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елді әлеуметтік желіден митингке шақырған блогер ұсталды

0 163

Солтүстік Қазақстан облысында жергілікті пабликтердің бірінің әкімгері парақшасы арқылы лаңкестік ұйымның іс-әрекетін дәріптеп, елді митингке шақырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Петропавл қалалық сотының үкімімен жергілікті пабликтердің бірінің әкімгері төтенше жағдай режимінде қоғамдық тәртіпті бұзуға арандатқаны үшін 30 тәулікке қамауға алынған. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында экстремистік ұйымның іс-әрекетін насихаттаған. Елді ереуілге шақыратын жазба қалдырған.

– Қоғамдық тәртіпті бұзуға шақыратын әрекеттер үшін жауапкершілікті барлығы түсінуі тиіс. Төтенше жағдай режимі кезінде азаматтардан жауапкершілік танытуды сұраймын. Барлық қабылданып жатқан шаралар, оның ішінде уақытша шектеулер ең алдымен халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған, дейді СҚО коменданты, ПД басшысы Марат Төлебаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.