Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Елдегі тәртіпсіздіктердің артында кім тұр?»: Президент түсіндірді

0 201

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел ішіндегі тәртіпсіздіктердің артында кімнің тұрғаны туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz  сайтына сілтеме жасап.

“Бұны тергеу анықтайды. Болжам айтқым келмейді. Бізге әлі де көп жұмыс істеу керек. Көптеген содырлар, соның ішінде олардың командирлері  Алматыдан басқа қалаға кетті, кейбірі ауылдарға жасырынса,  кейбіреулері шекарадан өтіп кетті, енді біреулері басқаша бетпердемен жасырынып жүр”,-деді президент.

“Сақалдарын қырып қарапайым азаматқа айналған олар, ұсталған жағдайда жай өтіп бара жатқан бейбіт тұрғынмын деп ақталады. Алайда содырлардың қаншалықты ауқымда болғанын барша жұрт көрді. Кенет солардың барлығы жай өтіп бара жатқан жүргінші болуы мүмкін емес”,- деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ал азаматтарды заңсыз ұстау мен оларға күш қолдану фактілерін байыппен шешу керектігін ескертті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.