Мәжілістің кулуарында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев журналистердің «Елбасының жүріп-тұруына бюджеттен қаражат бөліне ме?» деген сұрағына жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Елбасының жүріп-тұруына, жалпы жұмысына, жұмысын дұрыс қамтамасыз етуге бюджеттен тиісті қаражат қарастырылған. Бірақ оның қазір дәл сомасын айта алмаймын. Мүмкіндік болса, арнайы сұратқан журналист болса, кейінірек ақпарат берейін», – деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев.