Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ел өркендеуінің берік негізі

0 839

   Жамбыл облысы мәслихатының хатшысы Махметғали Сарыбеков облыстық ақпараттық топтардың халықпен кездесуі аясында Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры мен облыстық орыс драма театрының ұжымымен кездесіп, мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

М.Сарыбеков Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы барлық алға қойылған мақсаттарға Жамбыл өңіріне тән нақты мысалдарды келтіре отырып, қысқаша тоқталып өтті.

– Еліміздің экономикасын дамыту, әлеуметтік жағдайын ілгерілету, өндірісі мен ауыл шаруашылығын, оның ішінде, егін және мал шаруашылығының өсуіне қолдау көрсетіп, одан әрі негіз қалау барысы күн санап жаңарып келеді. Ауыз су, ағын су, мал жайылымдары, су қоймалары, жем-шөп қоры мәселелерін шешу, моноқалаларды өркендету, медицина және білім беру салаларының сапасын жақсарту және тағы басқа да Жолдауда алға қойылған міндеттер, сайып келгенде, ең алдымен халықтың тұрмыс жағдайын көтеруге бағытталады, – деді ол өз баяндамасында.

Өткен жылдан бері бүкіл әлемді шарпыған пандемия салдарынан еліміздің бүкіл өндіріс, экономика және әлеуметтік жүйе салаларында орын алған ауыртпалықтардың халық денсаулығына да, адамдардың көңіл-күйлері мен жүйкелеріне де, әр сала мен бағыттардағы еңбек жағдайына да, Ұлттық қорымызға да едәуір салмақ түсіргенін айта келе, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы осы қиындықтарды еңсеру, еліміздің одан ары өркендеу жолын бағдарлап, белгілеу мақсаттарын көздейтіндігін де атап өтті.

Іс-шара соңында театр ұжымы Мемлекет басшысының Жолдауын жан-жақты, еркін түсіндірген М.Сарыбековке ризашылығын білдірді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.