Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ел көкейіндегіні тап басты

0 134

Президент Жолдауында еліміздің одан әрі қарышты дамуына бағытталған саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық маңызы бар мәселелерге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Қазақстанның стратегиялық бағытын қолдауға, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, халқымыздың түпкі мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ерекшеліктерді ұтымды пайдалану қажеттігіне баса мән берілді. Әсіресе азық-түлік бағасы және әйелдердің зейнеткерлік жасының төмендеуі, Ұлттық қордан балалардың шоттарына үлес аударылуы, қаржыны тиімді игеру, инвесторларды тарту, сыбайлас жемқорлық мәселелерін шешу және заңды және жеке тұлғалардан алынған айыппұлдарды білім беру мақсаттарына жұмсау мәселелері еліміздің болашағына деген сенімділігін одан әрі нығайта түсті.
Президент елімізде жастардың біліктілігі мен білімін ел дамуы үшін қолдану жұмыстарына баса назар аударып, мемлекет тарапынан өз кәсібін бастаймын деген жастарға 2,5 пайызбен несие берілетіндігін, сонымен қатар ел жастары 100 мың жұмыс орнымен қамтамасыз етілетіндігін жеткізді. Егер жастар бос жүрмей жұмыспен айналысатын болса, маңдай термен еңбек етсе, олар ешқандай жаманшылыққа ұрынбайды және жаман іс-әрекетке бармас та еді. Ал ендігі кезекте Президенттің осы бастамасы мықтылап қолға алынса, келешегіміздің жарқын болары айдан анық.
Мемлекет басшысы әрбір Жолдауда еліміздің экономикасын дамытуға аса назар аударып келеді. Ол дегеніміз ауыл шаруашылығын дамыту үшін ірі агрокомплекстер, заманауи зауыттар, фабрикалар, білім саласында жаңа мектептер, денсаулық саласында жаңа емдеу мекемелерін тұрғызуды білдіреді.
Ал біз өз кезегімізде жаңадан бой көтерген ғимараттарды өрт және төтенше жағдайлардан қорғау және одан өзге де құтқару жұмыстарын белсенді атқарып, антымызға адал болып өз міндеттерімізді абыроймен атқару арқылы осы Жолдаудың орындалуына өз үлесімізді қосарымыз анық. Сондықтан Жаңа, Әділетті Қазақстанды қалыптастыру үшін біз Жолдауда көтерілген мәселелер бойынша ұсыныстарды іске асыруға бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара жұмыла кірісуіміз қажет. Әркім өз саласында еңбек етіп, елге және болашақ ұрпаққа пайда әкелуге ұмтылуы тиіс.
Қазақстанның басты байлығы – адам. Президент әр Жолдауында ел азаматтарының баянды болашағын назарға алып келеді. Біз де өз жұмысымызға асқан жауапкершілікпен қарап, жалпы ұжым халықты табиғи және техногендік сипаттағы қауіп-қатерлерден қорғау жолындағы бастамаларды жандандыру бойынша нақты міндеттерді абыроймен атқаратын боламыз.

Алмаз ЖҰМАТАЕВ, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кадр саясаты басқармасының бастығы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.