Қалалық қоғамдық-саяси газет

Экс-банкир Әбілязов БТА-ға 7,1 миллиард доллар өтейді

0 471

Нью-Йорктың Жоғарғы соты Мұхтар Әбілязовты «БТА» банкке 7 100 347 862,12 АҚШ долларын төлеуге міндеттеді деп жазды turkystan.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«АҚШ пен Англия соттары Мұхтар Әбілязовтың «БТА»-ға қарсы ауқымды алаяқтық схеманы жүзеге асырудағы рөлін анықтады. Бұл фактіге күмән келтіруге болмайды және «БТА» Әбілязов жасырын пайдаланған тұлғалар мен компаниялардан ұрланған миллиардтарды іздеуге және өндіруге тырысуда», – деді банк заңгері Мэттью Л.Шварц.

Мұхтар Әбілязов – Қазақстанда өмір бойына бас бостандығынан айырылған бұрынғы банкир. Ол кісі өлтіріп, ірі қаржы жымқырды және алаяқтық жасады деп айыпталған. Банкир кейін елден қашып, Франциядан баспана алды.

Экс-банкир өз кінәсін мойындамай отыр. Ол құрған ҚДТ қозғалысы Қазақстанда экстремистік деп танылып, оның жақтастары билік тарапынан қудалануда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.