Қалалық қоғамдық-саяси газет

Екі қала мен бес өңірде бірнеше шенеунік ұсталды

0 542

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген қаржыны жымқыру ісі бойынша арнайы операция жүргізілгенін мәлімдеді, –деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі alashainasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Түркістан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақтөбе облыстарында тінту мен қамауға алу жүргізіліп жатыр.

«Барлығы ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияны жымқыруға байланысты ұсталды», – деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Агенттік толығырақ қосымша хабарлайтынын жеткізді.

Қазақстандық БАҚ-тың ақпараты бойынша, аталған қылмыс арқылы мемлекетке миллиардтаған шығын келген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.