Қалалық қоғамдық-саяси газет

Досаев әлеуметтік желілерден аккаунт ашасыз ба деген сұраққа жауап берд

0 180

Алматы әкімі Ерболат Досаев әлеуметтік желілерде аккаунт ашасыз ба деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде қала тұрғындарының бірі әкімнен:

«»Естуші мемлекет» жобасы аясында әлеуметтік желілерде жеке парақшалар ашуды жоспарлап отырсыз ба? – деп сұрады.

Бұған жауап берген Досаев бұл жоба аясында Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерде ресми парақшалары бар екенін айтты.

«Біз Instagram-да, Facebook-те басқа да әлеуметтік желі де бармыз. Сондықтан бұл әкім үшін қалыпты қарым-қатынас форматтары деп ойлаймын. Ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпын. Бізде де Open Almaty сайты бар екенін білесіздер, бұл қоғамдық қабылдау. Күнделікті қала тұрғындарының барлық өтініштерін қарап, оқимын. Дүйсенбі күндері таңертең жедел уәкіл ретінде, тіпті, азаматтарымыздың өтініштеріне байланысты бөлек бөлшектеу жұмыстарын жүргіземін. Ал Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі парақшасы белсенді жұмыс істейді», – деді қала басшысы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.