Динара Сәтжан «Халықтың сүйіктісі – 2021» сыйлығына ие болды. Ол «Үздік тележүргізуші» аталымын жеңіп алды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қызмет жолындағы жағымды жаңалығымен Сәтжан желідегі парақшасында бөлісті.
«Өзім Алматыда түсірілімде жүргенде анам «Үздік тележүргізуші» аталымы бойынша «Халықтың сүйіктісі – 2021″ сыйлығын алды.
Мені қолдайтын барша жанға алғыс айтамын», – деді Сәтжан.
Соңғы кезде Youtube-тағы жобасына көбірек көңіл бөліп жүрген тележүргізуші биылға жоспары көп екенін, көрерменнің үмітін ақтауға тырысатынын айтып өтті.