Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Денсаулығы жараса да, жарамаса да әскерге алып кетеді»: Жұртты шулатқан сарбаздың видеосы жайлы имам мен психолог пікір білдірді

0 4  357

Әлеуметтік желіде “Жын кіріп кетті” деген 18 жастағы сарбаздың видеосы тез тарап кетті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Желіде тараған жазбада сарбаздың айқайлап, ашуланғанын көруге болады. Қолданушылары «оның ішіне жын кіріп кеткен» деп топшылап отыр.

Айналасын үркітіп-шошытып жатқан сарбаздың мұндай әрекеті бірінші рет болмаған секілді. Әлеуметтік желіде тараған видеодан да мұны аңғару оңай. Белгілі болғандай сарбаздың есімі Саят. Әскер қатарына алынғанына 1 айдай уақыт болған. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара әскерлерінің сабында. Бейнежазбада қасындағы жас сарбаздың Құран аяттарын оқығаннан кейін ерсі қылықтарын тыйып, талып қалатынын көруге болады.

Жын шығару ісімен 5 жылдан бері айналысатын Данияр Ибрахимұлының айтуынша, жын кірген болуы мүмкін.

“Кейбір сиқырланған, жын кірген адам осындай жағдайда болады. Ол жынның әрекеті басында бақырып-шақырып, жанындағы адамдарды қорқытуға тырысады. Осы видеодан соны аңғарып отырмыз. Сондай шайтанның әсері бары көрініп тұр”, – дейді “Шейх Кунта Қажы” мешітінің наиб имамы Данияр Ибрахимұлы.

Діни қызметкердің, тағы бір нұсқасы бар. Сарбаз қорыққанынан осындай амалды қолданған болуы да мүмкін. Бірақ кесіп айтуға болмайды деп қосты. Оның анық-қанығын білу үшін жеке жұмыс істеу керек.

“Психикалық стресс алып, өзін жоғалтып қойып, не істерін білмей мысалы үшін өзінің мінезін көрсетіп «менде жын бар» деген секілді көрсетіп сондай жағдайға да баруы мүмкін”, – дейді имам.

Мамандар егер жын кірген болса, оны Құран сүрелерімен оқып шығару оңай дейді. Психологтың пайымынша, жас сарбаздың психикалық ақауы болуы да ғажап емес. Әскерге шақырған кезде дәрігерлер оны медициналық тексеруден дұрыс өткізбеген деп топшылайды.

“Дәрігерлер әскер қатарына алынатын жігіттерді іріктеу кезінде толыққанды тексеруі шарт. Егер сондай өзгеріс болса сол жерде анықталады ғой, психиатрдың бақылауы керек еді. Бұл жұмыстың шалалығын білдіреді. Қазір Қазақстанда кадр жетіспейді. Соның ішінде әскери адамдар. Сондықтан болар, денсаулығы жараса да, жарамаса да алып кетуге тырысады”, – дейді психолог Владислав Смирнов.

Видеоны көрген халық жағасын ұстады. Кейбірі, әскери бөлімдегі мамандарды кінәласа, ата-аналар балаларын әскерге жібергісі келмейді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.