1 қазан – Халықаралық қарттар күнінде ауданымыздың денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар жұмыс жасап, бүгінгі күнде зейнетке шыққан медицина қызметкерлеріне қошемет көрсетілді,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
Ұйымдастырылған кездесуде медицина қызметкерлері өткен еңбек жолдарын еске түсіріп,қуанышты лебіздерін білдіріп, қонақ болды.
Кештің құрметті қонақтарына арнап әсем әуендер шырқалып, игі тілектер айтылды.
Сарысу аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері міндетін атқарушы Қырғызбаева Әлия Абдуллақызы мен кәсіподақ бастауыш ұйымының төрайымы Булегенова Айткул Рысбекқызы қарттарымызды мерекемен құттықтап, ізгі ниеттерін білдіріп, ардагерлермен қатар, 50 және 60жас мерей той иелерін де алғыс хаттарымен марапаттап, сыйлықтар тарту етті.